Кәсіпкер Данна Қарағұсова ғарышқа турист ретінде барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесімен 36-ұшуға қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Blue Origin (@blueorigin)

Ғарыш сапары алдында компания кеме ішінен түсірілген суреттерді жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Blue Origin (@blueorigin)

Ресми мәліметке сәйкес, экипаж құрамында кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық бизнесмен Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болған.

Сапар 11 минутқа созылған.