Петропавл қаласында 89 жастағы тұрғын гаражын жинау кезінде кеңес дәуірінде шығарылған 150 калибрлі оқ-дәрі салынған қораптарды тауып алған. Азамат бірден ол заттарды полицияға әкеліп тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, кеңес уақытында 5,6 мм калибрлі спорттық-аңшылық қару мен оған арналған оқ-дәрілерге рұқсат талап етілмеген, сондықтан мұндай олжалар ескі үйлер мен шаруашылық нысандарынан әлі де табылып жатады.
"Тіркелмеген ойық ұңғылы қару мен оған арналған оқ-дәрілерді сақтау – қылмыстық жауапкершілікке, ал тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтау – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жазаға тартылмаудың жалғыз жолы – қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде ішкі істер органдарына тапсыру. Бұл заттарды тұрғылықты жердегі полицияға әкелуге немесе "102" арнасына хабарласып, тәркілеуді полицейлердің өздері жүргізуіне болады", — деп хабарлады полиция.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз айналымнан 139 тіркелмеген қару алынған.