Биыл елдегі мектептерде 3,9 млн бала білім алды.

Оның 364 мыңы тоғызыншы сыныпты тәмамдаса, 217 мың бала жас түлек атанды. Қалғаны кезекті демалысқа аттанды. Биыл оқушылар 98 күн демалады.

Олардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осы мақсатта жыл сайын жазғы лагерьлер ұйымдастырылады. Биылғы дайындық қалай?

Соңғы қоңырау соғылды. Бірнеше күнде сыныпаралық сынақтар да аяқталады. Артынша бала біткен демалысқа аттанады. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін елде екі жүзден астам сауықтыру орталықтары, 500 аса лагер мен 10 мың мектеп легері жұмыс істейді. Мұндай тәрбие ұйымдарында биыл бас-аяғы 3 миллионға жуық бала жазғы демалысын өткізеді.

Сауықтыру орталықтары — 16

Маусымдық сауықтыру орталықтары — 196

Лагерь — 500

Мектептегі лагерь — 10 000

Алтай Рахимберлин, ҚР Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы:

- Өңірлерде өңірлік ведмоства аралық штабтар құрылып, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері осы балалар сауықтыру орталықтарының дайындығын тексеруде. Ағымдағы жылы 3 млн астам баланы жазғы сауықтыру демалысымен қамтимыз деп отырмыз.

Бұл бас қаладағы №105 мектебі. Биыл ашылған оқу ордасында да оқушылар үшін жазғы лагерь ұйымдастырылады. Дайындық қызу, қауіпсіздік қаперде дейді мектеп басшысы.

Астанада 10 аула клубы бар

Сондай-ақ аймақтарда ала жаздай аула клубтары да қызмет көрсетеді. Айтайық, Астананың өзінде 10 аула клубы жұмыс істейді.

Алматы ауданы — 4

Байқоңыр ауданы — 1

Есіл ауданы — 2

Сарыарқа ауданы- 2

Нұра ауданы — 1

Нұржан Зулбеков, Астана қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкері:

- Аула клубтарының спорт және шығармашылық бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. үйірмелер мен секциялардың саны — 124. Оның ішінде спорттық бағыттағы — 68 и шығармашылық бағыттағы үйірмелер — 56. Әрбір аула клубының жеке жұмыс бағдарламасы іске асырылады. Ол әр клуб жұмыс жоспары мен кестесін дербес әзірлейді.

Астанадағы аула клубтарында қазір 150 қызметкер еңбек етеді. Онда бас-аяғы 2500 астам бала спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысып жүр.

Шернияз Жалғасбекұлы