Мемлекет басшысы экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жиынға премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен үкімет мүшелері қатысқан.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралған.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өткен.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтқан.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз