Ресейде мұсылман курьерлерге шошқа еті, алкоголь, құмар ойындар және пұтқа табыну заттарын тасымалдауға ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешімді Ресей мұсылмандарының діни басқармасы қабылдаған.

7 қазанда ұйымның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, курьерлер тасымалдайтын барлық жүктер енді рұқсат етілген және тыйым салынған деп екіге бөлінеді. Тыйым салынғандар тізіміне мыналар кірді:

  • алкогольдік ішімдіктер;
  • құмар ойындарға қатысты заттар;
  • пұтқа табынуға арналған бұйымдар;
  • шошқа еті;
  • шариғат талаптарына сай сойылмаған жануарлардың еті.

Ерекше жағдай ретінде бұл тыйым тек утилизациялау (жою) мақсатында тасымалданатын жүктерге қолданылмайды.

Сонымен қатар, фетвада (діни үкімде) курьер жүктің құрамын білмейтін, мысалы жабық қораптарды тасымалдау секілді жағдайларда, егер ол тыйым салынған зат екенін білмесе және оны тасымалдауға ниеті болмаса, онда ондай жұмыс күнә болып саналмайды делінген.

"Егер бір тапсырыста әрі рұқсат етілген, әрі тыйым салынған тауарлар бірге болса, бірақ көпшілігі "халал" категориясына жататын болса, онда ондай тапсырысты жеткізуге болады. Дегенмен, табыстың бір бөлігін садақаға беру ұсынылады, бұл табысты тазарту үшін қажет", – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Мысырда 20 жыл бойы жөндеуден өткен фараонның қабірі ашылғанын жазғанбыз.