Шымкенттегі көлік тұрағынан адам сүйегі табылды. Желіде оның суреттері тараған соң, бұл оқиға қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Адам сүйектері туралы жазба Instagram желісіндегі kritika_shymkent парақшасында жарияланды.

Куәгер, қала тұрғыны Андрей Литовченконың айтуынша, ол адам сүйектеріне дүкенге бара жатқан жолда тап болған. Адам сүйектері мен бас сүйегі целлофан қаптың ішінде жатқан.

"Магнум, ескі автовокзал. Адам сүйегі көлік тұрағында кәдімгі целлофан қапшықта жатыр. Шамасы, жұмысшылар қазып алып, сонда қалдырған. Жақын жерде құрылыс жүріп жатыр", — дейді куәгер.

Фото авторы адам сүйектерін құрылысшылар тапқан болуы мүмкін, бірақ олар қандай да бір себептермен сүйекті құқық қорғау органдарына бермеген деп болжайды.

Kazinform агенттігінің тілшілері оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін және ақпаратты тексеру үшін Шымкент қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз