"Отбасы банк" арендалық тұрғын үйді таратуды бастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа тұрғын үй реформасына сәйкес, пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай үлестіріледі. Кезекте тұрған азаматтар "Отбасы банк" сайтында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.

Қиындық туса, азаматтар ХҚКО-дағы және "Отбасы банк" бөлімшелеріндегі өзін-өзі қызмет көрсету аймақтарына жүгіне алады.
Министрлік өкілдері егер табыс туралы өзекті мәліметтер болмаса, азаматқа арендалық тұрғын үй берілмеуі мүмкін екенін ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз