6 қазанға қараған түні үш өңірде: Шымкентте, Түркістан мен Жамбыл облысында бір мезгілде жер асты дүмпулері сезілді. Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердегі жағдай туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналында хабарланғандай, ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ Жедел штабының кеңесі өтті.

Кеңеске ТЖМ Командалық орталығында жер сілкінісінен кейінгі іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Қазақстан ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ.

Министрлік мәліметіне сенсек, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, дүйсенбі, 6 қазанға қараған түні Шымкентте және Түркістан облысы мен Жамбыл облысында жер сілкінген болатын.

Жер сілкінісіне байланысты Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының ТЖД базасында жедел штаб құрылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз