Актёр Дәурен Айдарқұлов өз Instagram парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Актёр желідегі жазбасында үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны жария еткен.
"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", — деп жазды әнші жазбасында.
Актёрдің жазбасын көрген желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Қуанышына ортақ болып, ізгі тілектерін қалдырғандар қатарында Ақбота да бар.
"Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!", — деп пікір қалдырды актёрдің жазбасына Ақбота Сейтмағамбет.
Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл үшінші некесі. Айдарқұловтың бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Ол актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dauren Aidarkulov (@daurenaidarkulov)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз