Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменова ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жігерім мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн", — деді министр.

Айта кетейік, 2025 жылғы 29 қыркүйекте мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Ал 1 қазанда Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлағанбыз.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз