Алматы облысында құтқарушылар туристі таудан түсірді .

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Алматы облысы Талғар ауданында теңіз деңгейінен 3053 м биіктікте орналасқан Фурманов шыңында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда құтқарушылар Титов шыңында жарақат алған жасөспірімді эвакуациялады


Құтқарушылар тауда көмекке мұқтаж туриске көтерілді, оның жағдайы нашарлап кеткен: басы айналып, жүрегі айнып, әлсірегендіктен, өз бетінше таудан түсе алмаған.

ҚР РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.