Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы жалпы дебатта сөз сөйлейді.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз