Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары басталды. Бұл туралы 2025 жылы 21 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.
Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және "дөңгелек үстел" форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.