Бүгін алматылықтар жаппай жер сілкінісі туралы хабарлама алды. Алайда қалада дүмпүлдер сезілмеген. Осы орайда Алматы қалалсы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы тұрғындарға видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық ТЖД бастығының уақытша қыметін атқарушы Дамир Ермағамбетов алматылықтарды сабыр сақтауға шақырып, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

"Жағдай ТЖД бақылауында. Сейсмологтардың ақпараты бойынша, афтершоктар болмайды", — деді Ермағамбетов.

Бүгін, 21 қыркүйекте 16:25 шамасында алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Алайда тұрғындар жер сілкінісін мүлдем сезбегендерін айтты.

Бұл ақпаратты ТЖМ баспасөз қызметі растады. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісі сезілмеді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", — делінген министрлік хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз