Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назым Қызайбай фотосессияға қатысып, ерекше образда ел алдында жарқ етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы және соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Назым Қызайбай желі қолданушыларын ерекше келбетімен таң қалдырды. Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы өзінің нәзік жандылар қатарынан екенін паш етіп, ашық фотосессия түсіріліміне қатысты.

"Қысқа шорты кигенім рас, қыртып, негатив жазуға дайын тұрғандар, жәй ғана өтіп кете салсын… Әйтпесе "спортсменкасын" ғой, өмір бойы спорт және қазақи киіммен жүр" деп тағы бастайды. Құдды бір, мен осылай көшеде жүргендей, бұл — жай ғана фотосессия", деп жазды Назым Қызайбай Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Қуат Хамитов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға тағайындалған жүлде көлеміне қатысты наразылық білдірген еді.