Бүгін, 21 қыркүйекте әйгілі америкалық Backstreet Boys тобы Астанада үлкен концерт береді. Аңыз әншілердің өнер көрсетуін асыға күткен елордалықтар таңғы жетіден бастап көшеге шығып, "Астана Арена" алдында жиналып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желілерде астаналықтардың таңғы жетіден бастап, "Астана Арена" стадионының алдында жинала бастағаны туралы ақпарат тарады. Bakcstreet Boys концертін асыға күткен елордалықтардың видеосы алдымен Threads-тегі janbek.m аккаунтында, кейін "Астана — Что? Где? Когда?" Telegram-каналында жарияланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз