Мәскеуде өткен «Интервидение» халықаралық ән байқауында вьетнамдық әнші Дык Фук жеңімпаз болды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан екінші орынды иеленді, ал Қатар үздік үштікті түйіндеді.
Жеңімпазды әр елден бір сарапшыдан тұратын халықаралық кәсіби қазылар алқасы анықтады. Жеңімпазға 194,7 миллион теңге (359 800 АҚШ доллары) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Олар сондай-ақ БАҚ мәртебесі мен серіктес сыйлықтарын алады.
«Live Арена» алаңындағы сахнаға 22 мемлекеттің өкілдері шықты. Қазақстан атынан Amre есімімен танымал болған Ернар Садырбаев қатысты.
Қазіргі қазақ эстрадасының ең көрнекті өкілдерінің бірі 7-ші нөмірмен өнер көрсетіп, 339 дауыс жинап, 7-орынға ие болды. Amre-мен бірге сахнада жас актриса Жасмин Қайратқызы өнер көрсетті.
Айта кетері, «Интервидение» – 1960 жылдардан бастау алған көпжылдық тарихы бар байқау.
Келесі жылы «Интервидение» халықаралық музыкалық байқауы Сауд Арабиясында өтеді.
«Біз Сауд Арабиясы Корольдігінің 2026 жылы «Интервидение» ән байқауын өткізуге дайын екенін қуана хабарлаймыз», — деді жүргізуші Аида Гарифуллина.