Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында «Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорт ойындары аясындағы тоғызқұмалақтан жарыстар мәреге жетті.

Ұлттық зияткерлік ойын шеберлері өзара мықтыларды анықтау үшін бір апта сайысқа түсті. Алматы облысында 16–21 қыркүйек аралығында өткен ауыл спорт түрлерінен елішілік жарыс тартысты өтті.

Жарысты ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Бұл додаға тоғызқұмалақтан еліміздің 16 облысынан (Солтүстік Қазақстаннан басқа) 123 спортшы қатысты. Оның ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 1, спорт шебері – 16, спорт шеберлігіне үміткер – 64 және 42 бірінші мен екінші разрядты спортшылар бақ сынады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 7 турдан тұрады. Бұл шараның ұйымдастыру жұмыстарына Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұжымы белсенді атсалысты.

Жеке есеп қорытындысы

Ерлер арасында

• 1 тақта: І орын – Салман Ерсұлтан (Түркістан облысы)

• 2 тақта: І орын – Кенжеғалиев Бектас (БҚО)

• 3 тақта: І орын – Джунебаев Парахат (Маңғыстау облысы)

• 4 тақта: І орын – Норлан Олжас (Павлодар облысы)

Қыздар арасында

• 1 тақта: І орын – Сатыбалды Ақнұр (Алматы облысы)

• 2 тақта: І орын – Сауытбек Айдана (Алматы облысы)

• 3 тақта: І орын – Құсайынова Арайлым (Атырау облысы)

• 4 тақта: І орын – Сәлімғали Қарақат (БҚО)

Командалық есеп

Ерлер командалары бойынша: