Астаналықтар елордаға келген Backstreet Boy тобын әуежайда ерекше құрметпен қарсы алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Музыканттар ұшып келген сәтте-ақ жанкүйерлер әуежайда қарсы алды. Кенеттен Everybody әуені ойнап, айналадағының бәрі билей жөнелді: еден жуушы, стюардессалар, ұшқыш және бизнес-терминалдағы жолаушылар. Продюсер Мәлік Хасеновтың айтуынша, флешмобқа 30 кәсіби биші қатысқан.

"Алғашқы сәттерде музыканттар абдырап қалды, бірақ тез арада атмосфераға кіріп, телефондарына түсіріп, әуенге қосылып ән айта бастады", – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Backstreet Boys мүшелерінің кейбірі бұл сәттің видеосын өз аккаунттарына салып, әсерлерін бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Brian Littrell (@rokspics)

"Астана, Қазақстан, қош келдік… Қазір түнгі 02:36, бұл — VIP-аймақ… Бізді қалай қарсы қалды, бәріңе көп рақмет! Олар бізден де жақсы білейді!" – деп жазды Брайан Литтрелл.

"Бұл әуежайдағы ең тамаша таңғы қарсы алу болды. Қазақстандағы махаббат үшін өте ризамын", – деді топтың тағы бір мүшесі Ник Картер.

Кеше Backstreet Boys Алматыда концерт берді. Оларға әуежайда тақия сыйланды.

Анықтама: Backstreet Boys – әлемдік поп-музыка тарихындағы ең табысты топтардың бірі. 130 миллионнан аса альбом сатылған, "I Want It That Way", "Everybody", "Shape of My Heart", "As Long As You Love Me" сияқты ондаған хиттері бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз