Астана әкімдігі жылыту маусымы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Astana TV.

"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы көшедегі тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес күн сақталғанда басталады", — деп хабарлады ведомство.

"Қазгидромет" деректері бойынша, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елордада ауа температурасы түнде +3...+8°С-тан -1...-6°С-қа дейін төмендеп, күндіз +17...+22°С-тан +8...+13°С-қа дейін төмендейді. Кейіннен ауа температурасы қайтадан түнде +3...+8°С-қа, күндіз +17...+22°С-қа дейін көтеріледі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қалада жылу беру маусымы қашан басталатынын және бірінші кезекте қандай нысандар қосылатынын мәлімдеген еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз