Желіде Үлкен Алматы өзенінің аумағынан тас төсеуіштер мен гранит тақталарды тағы да заңсыз тасымалдап жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қала әкімдігінің өкілдері осы орайда түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Осыдан бірер күн бұрын Алматыда гранит тақталарының заңсыз тасымалы әшкереленген болатын. Қоғам белсендісі Санжар Боқаев материалдарды тиеп алған жүк көлігінің артынан жүріп отырып, оның қай жерге бара жатқанын анықтады. Кейін Экология басқармасы видеодағы гранит тақталарының ұрланғанын хабарлады.
Бүгін әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы өзенінің бойынан тағы да заңсыз түрде тас төсеуіштер мен тақталарды әкетіп жатқаны туралы ақпарат тарады.
Бұл оқиғаға қатысты әкімнің кеңесшісі Ильзат Акчурин өзінің Telegram-каналында пікір білдірді.
"Материалдар (брусчатка мен плиталар) әртүрлі нұсқаларды көрсету үшін қосалқы мердігер ұйыммен сатып алынған. Белгілі бір түрі келісілгеннен кейін, қалған үлгілер тапсырыс беруші – Қаланың экология және қоршаған орта басқармасының келісімімен нысаннан шығарылды. Осылайша, қайта жаңғыртылып жатқан нысан аумағында заңсыз әрекеттер жасалды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта мердігер ұйым уәкілетті органдарға тиісті өтініш беру үшін құжаттар дайындап жатыр ", – делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз