Алматы әкімдігінің өкілдері осыдан бірнеше ай бұрын Сайран көлінің айналасына орнатылған қоршаулар алынып тасталғанын хабарлады. Алайда су қоймасында әлі де шомылуға тыйым салынған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратына сәйкес, бүгінде Сайран су қоймасының аумағын абаттандыру нысаны пайдалануға берілген жоқ.
"Алматы Полиция департаменті орнатқан турникеттер алынғанын хабарлаймыз. Сайранға шомылуға әлі де тыйым салынғаны нақтыланды. Аймақты қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр", — делінген ресми хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз