Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Павлодарда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті

Павлодарда жолаушылар автобусы мен Lada автокөлігінің соқтығысуы нәтижесінде жеті адам зардап шекті, олардың ішінде төрт бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді:

“19 қыркүйекте шамамен сағат 16:40-та академик Сәтпаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысында автобус пен Lada автокөлігі соқтығысты”.

Жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі апат болған жерден жеті зардап шегушінің қалалық ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады.

“Шақыру 16:38-де келіп түсті. Себебі – маршруттық автобус пен жеңіл автокөліктің соқтығысуы. Жеті адам зардап шекті, олардың ішінде төрт бала бар. 1937, 1969 және 1989 жылдары туған үш әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. 2013 жылы туған қыз бала және 2012, 2016 және 2017 жылы туған үш ұл бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді”, – деп нақтылады 103 қызметі.

Бұған дейін Алматыдағы дәмханада әдепсіз әрекет жасаған бойжеткен ұсталғанын жазғанбыз.