Синоптиктер алдағы күндерге арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мәліметтері бойынша, келесі аптада оңтүстік астанада жауын-шашын күтіледі, тіпті қар жаууы да мүмкін. Сонымен қатар, қалада күндізгі уақытта ауа температурасы +19°C-тан +25°C-қа дейін ауитқиды.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кесебаевтың айтуынша, алдағы үш тәулікте оңтүстік астанада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек таулы аудандарда жаңбыр, ал биік таулы аймақтарда қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

"23 және 24 қыркүйекте фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қалада жаңбыр жауады. 23 қыркүйекте найзағаймен және екпінді желмен бірге нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. 25 және 26 қыркүйекте жауын-шашын күтілмейді. Таулы және тауға жақын аудандарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Түнгі ауа температурасы +8...+13°C, ал күндіз ауа температурасы +19...+21°C-тен +23...+25°C-қа дейін өзгереді", – деп түсіндірді РМК "Қазгидромет" Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Даулет Кесебаев.

Алматы қаласы бойынша келесі жеті күнге арналған алдын ала ауа райы болжамы мынадай:

  • 20 қыркүйек: бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +19...+21°C.
  • 21 қыркүйек: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.
  • 22 қыркүйек: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.
  • 23 қыркүйек: бұлтты, жаңбыр, күндіз кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай. Жел – батыстан, 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C.
  • 24 қыркүйек: бұлтты, түнде жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C.
  • 25-26 қыркүйек: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +23...+25°C.

Бұған дейін синоптиктер алматылықтарды алдағы күшті жаңбыр туралы ескерткен болатын. "Қазгидромет" деректеріне сәйкес, 19 қыркүйекте Алматыда кей жерлерде қатты жаңбыр, ал қала бойынша қысқа мерзімді жауын-шашын күтіледі.