Олардың бірі 3 жыл, 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүктілік пен бала күтіміне байланысты заңсыз әлеуметтік төлемдер алып берумен айналысқан тұлғалардың қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қызылорда қаласының тұрғындары жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан уақытша айырылған әйелдерге арналған әлеуметтік төлемдерді еселеп алу үшін заңсыз схема ұйымдастырған. Олар жүкті әйелдерді белгілі бір жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкері ретінде көрсетіп, олардың атына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар аударған. Кейін жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеп берген. Нәтижесінде Ж. есімді бір келіншек 34 әйелге, екінші бір Ж. есімді келіншек 20 әйелге заңсыз құжат рәсімдеген, – делінген Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті таратқан ақпаратта.

Тергеу барысында аталған азаматшалардың шын мәнінде жеке кәсіпкерлердің қарамағында жұмыс істемегені анықталды. Кәсіпкерлердің өзі жалдамалы қызметкерлер тізімінде бұл азаматшалар барын білмеген. Сонымен бірге, кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) тек салықтық есептілікті тапсыру үшін бергенін мәлімдеген.

Сот үкімімен Заңның талабы қолданып біреуі 3 жыл 4 ай мерзімге, екіншісі 2 жыл 4 ай мерзімге шартты түрде сотталған.