Жезқазған тұрғыны прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырған.
Жезқазғанда Ұлытау облысының прокуратура ғимаратының қақпасын қателесіп сындырған жергілікті тұрғын сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға 30 тамызда болған. Қала тұрғыны мас күйі прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырып қақпаны ашуға тырысқан. Ақыры соңында сындырып ішке кіруге бел байлайды.
Прокуратура келтірілген залалды 259 мың теңгеге бағалады. Ер адам ақшаның бір бөлігін өтеп, ал қалғанын жақын арада төлеуге уәде берді.
Сот ер адамды басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 5 күндік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.