Рейдтер барысында 71 жезөкшелер үйі әшкереленді.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында "Манхэттен", "Ақбұлақ" және "Кәусар" тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтайтын рейд өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үйін заңсыз жалға берген пәтер иелері жауапқа тартылды. Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау — біздің ортақ міндетіміз. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек. Азаматтарды бейжай қалмай, заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамын, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.