Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді сүйіп тұрған суреті тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Суреттен Димаштың Назерке есімді аруды құшақтап, сүйіп тұрғанын көруге болады. Сонымен қатар, фотоға әншінің күйеу баласы Ермахан Айымханның «Өзің барда» әні қойылған.

Дегенмен, желі қолданушылары бұл суреттер жасанды интеллектің көмегімен жасалған дейді.

«Бақыт тыныштықты қалайды», «Димаш, шыдамамызды тауыспашы. Егер сен үйленген болсаң, біз қуанып қалар едік», «Бақытты болыңдар», «Қарындасы ғой, көрініп тұр», «Қарындасын артынан құшақтамайтын шығар», «Фотошоппен жасалған ғой», «Жасанды интеллект екені көрініп тұр ғой», «Бір біріне ұқсайды екен», «Қалыңдығы ма?» – деп жазды желі қолданушылары.