Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Instagram-дағы парақшасында Қазақстанға алғаш рет келгенін және бұл сапары ұмытылмас әсер қалдырады деп сенетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Музыкант желідегі оқырманына торис арқылы шығып, Қазақстанда ешқашан болмағанын мойындаған.
"Біз діттеген жерімізге жеттік. 32 жыл ішінде әлемнің әр түкпірінде болдық деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес, Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмыз және біз осында болғанымызға өте қуаныштымыз. Біз елді зерттеп, тамаша адамдармен кездесуді және екі керемет концертімізді беруді асыға күтіп жүрміз", — деді AJ.
Ол концертте көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайтынын айтты.
"Сабырлық танытып, күткендеріңіз үшін рақмет. Біз бұл мүмкіндікті қалай да жіберіп алмас едік, сол үшін біз өте қуаныштымыз. Өзімізді шынайы бақытты сезінеміз. Бізді құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін рақмет. Кешкі кездесуді асыға күтеміз — бұл ұмытылмас оқиға болмақ", — деді Алекс.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз