Жерасты дүмпуінің ошағы Петропавл-Камчатскийден шығысқа қарай 145 шақырым жерде орналасқан.

Бұл туралы агенттік 1Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі" федералды ғылыми-зерттеу орталығының филиалының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusinesss.kz сайты.

"Уақыт (UTC): 2025-09-18 18:58:17 (Астана уақыты бойынша 23:58). Магнитудасы: 7.2. Координаттары: 53,38, 159,92°. Тереңдігі: 123 км", – делінген хабарламада.

Онда Камчатка губернаторы Владимир Солодовтың түбектің шығыс жағалауында цунами қаупі бар екені және жұртшылыққа ескерту жасалып жатқаны түсіндіріледі. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне қойылды.

АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) да цунами қаупі туралы ескерту жасады.

"Алдын ала жер сілкінісінің параметрлері бойынша... қауіпті цунами толқындары жер сілкінісінің эпицентрінен 1000 шақырымға жақын жағалау сызығында болуы мүмкін", – делінген цунами туралы хабарлау орталығының бюллетенінде.