Әдеттегідей, бұл матчта да төбелес орын алды. Әлихан Әсетов төбелесте Люк Джонсонды жеңді.
Астананың "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында магнитогорлық "Металлургпен" кездесті. "Динамомен" өткен ойыннан кейін астаналықтардың құрамы өзгерген жоқ. Бас бапкер Михаил Кравец мына құрамды жасақтады: Шутов (Шестаков) — Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккьоне; Маккошен-Бреус, Савицкий-Омирбеков-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Асетов-Волков-Колесников; Королев, Симонов-Шайхмедденов-Мұратов.
Ойын басында Алихан Асетов төбелесте Люк Джонсонды жеңді. Кейін қазақстандық команда төрт шайба жіберіп алды. Сол голдардың біреуін және нәтижелі пасты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис өз есебіне жазды. Соңғы кезеңде Джейк Масси бір шайба соғып есепті қысқартты. Қорытынды нәтиже — ресейлік клубтың пайдасына 5:1.
"Металлург" – "Барыс" 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)
1:0 – 13:55 – Канцеров (Силантьев)
2:0 – 22:18 – Михайлис (Вовченко, Джонсон)
3:0 – 28:51 – Джонсон (Петунин, Михайлис) көпшілікте
4:0 – 39:22 – Маклюков (Ткачёв, Силантьев)
4:1 – 48:50 – Масси (Галимов, Морелли)
5:1 – 52:27 – Барак (Пресс, Вовченко)
20 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері Череповец қаласында "Северстальмен" ойнайды.