Altyn Bank ипотекалық несие бойынша мөлшерлемелердің өсуін нарықтық жағдай мен макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруімен түсіндірді.

Банк мәліметінше, тұрғын үй несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі енді 20%-дан 22%-ға дейін, ал жылдық тиімді мөлшерлеме (ГЭСВ) – 22% бен 24,36% аралығында болады.

Банк өкілдері атап өткендей, жаңа мөлшерлемелер тек 2025 жылдың 15 қыркүйегінен кейін түскен жаңа өтінімдерге ғана қолданылады.

«Өзгертілген мөлшерлемелер тек 15 қыркүйектен кейінгі жаңа өтініштерге қатысты. Ал 12 қыркүйекке дейін өтініш беріп, құжат тапсырған клиенттер бұрынғы шарттар бойынша ипотека рәсімдей алады», – деді банктен.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы деректеріне сәйкес, Altyn Bank елдегі актив көлемі бойынша 15-орында тұр. Банк активтері 1,15 трлн теңгені құрайды. Шілде айында банк 42 млрд теңгеге өсіп, жалпы несиелік портфелі 720 млрд теңгеге жеткен.

Мөлшерлеменің өсуі ипотекаға өтініш беруді жоспарлап жүрген азаматтар үшін маңызды фактор болуы мүмкін. Сол себепті ипотекалық шарттармен алдын ала танысып, несие жүктемесін мұқият есептеген жөн.