Backstreet Boys тобы Алматыға келді. Олар 19 қыркүйекте Алматының орталық стадионында концерт береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
19 қыркүйекте Алматыда өнер көрсетеді деп жоспарланып отырған Backstreet Boys тобы қалаға келді. Желідегі "Астана – Не? Қайда? Қашан?" паблигі Ник Картер мен Эй Джей Маклинді жанкүйері қарсы алған сәтте түсірілген видеоны жариялады.
Қазақстандықтар музыканттарға келе сала сый-құрмет көрсетіп, қазақтың ұлттық бас киімі — тақия кигізіп, Қазақстанда жасалған тәттілерді ұсынған. Ал музыканттар оған ризашылық білдірген.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, шараға 27 мыңға жуық көрермен келеді деп күтілуде. Әкімдікте өткен жиналыста концерттегі қауіпсіздік, санитария, логистика және техникалық жабдықтау мәселелері талқыланды.
Концертке 2100-ден астам полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 500 әскері және 200 қауіпсіздік қызметкері жұмылдырылатыны хабарланды. Концерт басталмас бұрын аумақты кинологтар қарап шығады және инженерлік желілер тексеріледі. Металл іздегіштер, сканерлер және турникеттер арқылы кіру аумақтарында қауіпсіздік те күшейтіледі.
"Көлік кептелісінің алдын алу үшін Абай даңғылын жабамыз. Кезекті біркелкі ету үшін турникеттер, бұралаң жолдар орнатылады. Сондай-ақ алыпсатарлармен және рұқсат етілмеген саудамен күреске баса назар аударылады. Іс-қимыл жоспары әзірленді", — деді облыс әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз