18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Әйел аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметінше, науқас тар бейінді мамандардың көмегін алу үшін облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

"Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау уақыты едәуір қысқарып, емнің сәтті аяқталу мүмкіндігі артты", — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ауыр хәлде жатқан 40 жастағы науқас тікұшақ арқылы Зайсаннан Өскеменге жеткізілгенін хабарлаған едік.