Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары қолға алынды.

Тергеу барысын Бас әскери прокуратура өз бақылауына алып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздың қайтыс болуына байланысты "Оңтүстік" өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тексерістер жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейді.

Бұған дейін біз Отардағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаздың қаза тапқаны туралы жазған едік.