Қазақстандық диджейдің жұмысы "Латын электронды музыкасының үздік қойылымы" санатында бақ сынайды

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Латынның "Грэмми — 2025" сыйлығына үміткер атанды. Бұл туралы музыкант өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ол аргентиналық taichu әншісінің Ella Quiere Techno трегіне жасаған ремиксімен "Латын электронды музыкасының үздік қойылымы" санатында ұсынылған.

Аталған номинацияда тағы төрт трек бақ сынайды. Жеңімпазға дауыс беру 1 қазанда басталады. Сыйлықты табыстау рәсімі 13 қараша күні Лас-Вегаста өтеді.

Айта кетейік, Иманбек 2021 жылы америкалық Saint Jhn-нің Roses әніне жасаған ремиксі үшін "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған еді.


Оқи отырыңыз: Иманбек Зейкенов Billboard Music Award жүлдесін иеленді