Әлеуметтік желілерде ұшақта түсірілген видео таралуда. Онда бортсерік анасын туған күнімен микрофон арқылы құттықтағаны көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әуе компаниясының қызметкері Сағи Тоқтамов бортсерік жұмысының ерекшеліктерін креативті түрде көрсетіп келеді. Соңғы видеосында ол анасын туған күнімен құттықтайды. Ұшақ әуеге көтерілмей тұрып, Сағи тиісті сөздерді айтты:

"Құрметті жолаушылар, рейстің кішкене кешігуі үшін кешірім сұраймын. Осы сәтті пайдаланып, бүгін анамның туған күні екенін айтамын. Анама құттықтау айтқым келеді. Анашым, сізге және әкеме бақыт пен денсаулық тілеймін. Рақмет", – деді ол ұшақтағы микрофон арқылы.

Жолаушылар бұл хабарламаны қол шапалақтау арқылы қабылдады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от