Бұл жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтайтын "Zhurek AI" платформасын жасап шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүйе қан талдауы мен сауалнама деректерін талдап, қауіптілік деңгейін автоматты түрде бағалайды.
Платформа PDF форматындағы қан талдауы нәтижесін өңдеп, арнайы сауалнама жауаптарымен бірге тәуекелдерді есептейді. Оның алгоритмдері терең нейрондық желілер мен үлкен тірек векторлары әдісіне негізделген, бұл диагностика дәлдігін арттырады.
Ғалымдардың айтуынша, "Zhurek AI" кейде дәрігерлер байқамай қалатын жасырын ауытқуларды анықтауға қауқарлы.
Жобаны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырады.
Инновациялық платформаны ҚазҰУ-дың 15 ғалымы әзірледі. Мамандар алдағы уақытта жүйені толық іске қосып, оны коммерцияландыруды жоспарлап отыр.