Қазақстанда қарызын төлемегендерді көшедегі камера арқылы анықтау жүйесі іске қосылды.
Қазақстанда қарызы бар азаматтарды енді көше мен қоғамдық орындарда ғана емес, әуежайлар, теміржол вокзалдары, метро станциялары және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бейнекамералар арқылы анықтайды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және Бас прокуратураның бірлескен бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр. "Цифрлық бақылау" жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтіліп, борышкерлердің бет-бейнесін автоматты тану базасы енгізілді.
Енді мемлекеттік қызметтерге жүгінгенде, ХҚКО-ға барған кезде немесе әуе және теміржол билеттерін кассадан сатып алған сәтте борышкерлер анықталуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Оқу қарызы бар грант иегерлері басқа жоғары оқу орнына ауыса алмайды
Ведомствоның дерегінше, 2024 жылғы қаңтардан бері іздеуде жүрген 4560 борышкер тіркелген. Оның ішінде 2118 адамның мекенжайы табылып, анықтау көрсеткіші 39,3%-ға жетті.
Әділет министрлігі бұл шараның негізгі мақсаты – азаматтардың борыштық міндеттемелерін уақытылы орындауына ықпал ету екенін атап өтті.