Мәлік Хасенов кезінде "Казахи" КВН командасында өнер көрсеткен .
"Астана" футбол клубының Директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды. Бизнесмен Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі боп Мәлік Хасенов тағайындалды.
"Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды", — делінген елордалық команданың әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Айта кетейік, атқарған ауқымды істері үшін Мәлік Хасенов мемлекеттік "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.