Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, негізгі өзгеріс бұрын ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген болса , енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітілуі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жаңартылған ережелер тек көлік жүргізушілеріне қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілмеген. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады.

«Бұл децентрализация және бюрократиядан арылу саясатының аясында жасалды. Осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен, мәселен алкотестермен масаңдық дәрежесін тексеруден бас тартуға немесе медициналық ұйымында тексеруді жалғастыруға құқылы екенін еске саламыз. Өз кезегінде, масаңдықтан тексеруден жалтару немесе бас тарту ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болады», делінген министрлік хабарламасында.