Кәсіпкерлерге жеке бизнесі үшін ірі көлемдегі кредитті рәсімдеу кезінде жұбайының немесе зайыбының рұқсатын алуы керек деген талап жойылды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Былтырдан бері қазақстандықтарға жұбайының рұқсатынсыз шамадан тыс (1000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2025 жылы 3 932 000 теңгеден жоғары сома) несие алуға тыйым салынды.

Ал бұл ретте жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін несиенің жоғары шегі белгіленді. Кәсіп үшін несие алған жеке тұлғалар 2700 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) (10 616 400 теңге) дейін ғана несие ала алатын. Егер көбірек қажет болса, жұбайының рұқсаты керек еді. Бұл талап енді жойылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке кәсіпкерлерге кәсіпкерлік мақсатта несие беру кезінде жұбайының келісімін қажет ететін талапты алып тастайтын қаулыны жариялады.

Осылайша қарапайым азаматтар үшін 1000 АЕК шегі күшінде қалады, ал кәсіпкерлер үшін бұдан былай шектеу жоқ — несие мөлшеріне қарамастан жұбайының келісімінсіз беріле береді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз