Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik .kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. "ҚазАгроҚаржы" AI пайдаланып, ауыл шаруашылығы техникасы л

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚазАгроҚаржы» AI пайдаланып, ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне өтінімдер берудің цифрлық сервисін енгізді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне берген өтінімдері бойынша небәрі 10 минут ішінде шешім ала алады.

«Бұл құралдың негізінде жасанды интеллект технологиялары жатыр. Өтінім беру кезінде клиент шаруа немесе фермер қожалығының құрамы туралы анықтаманы тіркейді, содан кейін жүйе құжатты автоматты түрде тануды жүзеге асырады. Егер қожалық бір мүшеден тұратыны анықталса, өтінім жеделдетілген қарауға жіберіледі. Бұл шешім қабылдау уақытын қысқартуға және процесті барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік береді», — деп жазылған хабарламада.

Жаз айларында «ҚазАгроҚаржы» мамандары Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда Павлодар, Қарағанды және басқа да облыстарда ашық есік күндерін өткізді. Шаруалармен кездесу барысында жаңа сервис таныстырылып, оның онлайн режимдегі жұмысы көрсетілді. Шаруалар жаңашылдықты қуана қабылдап, қолдануға ыңғайлылығын атап өтті.

«Жаңа сервис өтінім бойынша шешімді небәрі бірнеше минут ішінде қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана автоматтандыру емес, тиімділікті арттырудың нақты құралы. Біз қағаз нысанда жұмыс істеуді қалайтындар үшін бұл үйреншікті нысанды сақтап қаламыз, сонымен қатар жаңа, цифрлық жолды игерулеріне мүмкіндік береміз», — деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Өтінім берудің цифрлық сервисі компанияның жасанды интеллект технологияларын енгізудегі жүйелі жұмысының жалғасы.

2024 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ЖИ қолдана отырып, лизинг нысаналарын онлайн-мониторингтеу жобасын іске асырды. Жүйе өзінің тиімділігін көрсетті, енді инженерлерге техниканы тексеру үшін алқаптарға шығудың қажеті жоқ, бақылауды қашықтан жүргізе береді.