Ұйымдастыру комитеті Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күнін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

VI ДКО 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ұйымдастыру комитетінің әлеуметтік желідегі мәліметіне сәйкес, салтанатты ашылу рәсімі Бішкекте болады.

Ойындардың өзі мен жабылу салтанаты Ыстықкөл облысында ұйымдастырылады.

"Жарысты 100-ден астам елден келген төрт мың спортшының қатысуымен бүкіл әлем тамашалайды", – делінген хабарламада.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық сайыс. Оған Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындары кіреді.

Жақында Қазақстанда Димаш Құдайбергеннің халықаралық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Италия, Малайзия және Сербия өкілдері қатысуда.