Біздің съезге келгендегі басты мақсатымыз, рөліміз – адамдар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға қадам жасау .

Қақтығыссыз, соғыссыз, бейбіт ортада бір-бірінен сенімі, іс-әрекеті, өмір сүру салты, тіпті түр-әлпеті өзгеше жандар кездесіп, өзара жақсы қарым-қатынас орната алады. Олар бір-біріне қызығушылықпен қарап, қатар отырып, емен-жарқын дидарласып, жақын танысып, достық пен түсіністік құруға мүмкіндік табады. Негізінде мұндай жағдайда адамдар бір-бірінен көп игі нәрсе үйрене алады.

Осы сәтте мен өзімнің дүниетанымым өзгелерден алшақ емес екенін терең түсінемін. Әрине, дүниетанымдар арасында қайшылықтар бар. Бірақ біз бір-бірімізді тыңдамайынша, төзімділік танытып, ашық­тық пен қызығушылық­пен қарамайынша, жоғары деңгейдегі мәселелерді шешу мүмкін емес. Оларды ең алдымен қоғамның төменгі, яғни қарапайым адамдар арасындағы деңгейінде реттеу қажет.

Сондықтан мұндай кездесулер өзара түсіністікке, төзімділік пен толеранттылыққа, бір-бірімізді тыңдауға үйрететін баға жетпес тәжірибе береді. Сондықтан Қазақстанның бастамасымен қолға алынып келе жатқан бұл съезд шынайы бейбітшілік пен тұрақтылықтың бастауы болып қала бермек.

Джо Бейли УЭЛЛС,

Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары