Аталған заңды Жогорку Кенеш 2025 жылдың 10 қыркүйегінде қабылдаған.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасы Жалал-Абад облысының Жалал-Абад қаласын Манас қаласы деп қайта атау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту, Жалал-Абад қаласына ұлы Манас батырдың есімін беру. Ол – қырғыз халқын түрлі шапқыншылықтардан қорғаған халық қаһарманы. Осыған байланысты заңда Жалал-Абад облысындағы Жалал-Абад қаласын Манас қаласы деп қайта атау көзделген", – делінген Президенті әкімшілігінің хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, заң ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Жалал-Абад – Қырғызстандағы үшінші ірі қала, Жалал-Абад облысының әкімшілік орталығы. Халқы – 184 400 адам.