Спортшының денесі Ақтөбеге жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жас спортшының денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен жеткізілген. Оның жанында жаттықтырушысы мен тума-туыстары болды.
– Бахтияр Ахай – Ақтөбе қаласының тумасы. Белдесу кезінде қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алып, өмірден озды. Қонақасы бүгін болады. Ал, ертең шығару рәсімі өтеді, — деп хабарлады спорт басқармасы.