250 Мбит/с дейінгі жылдамдықта Wi-Fi байланыста болуға, фильмдер көруге, жұмыс істеуге, жол бойында туыстарыңызбен және жақындарыңызбен сөйлесуге мүмкіндік береді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл соңына дейін тағы екі бағыттағы пойызға жоғары жылдамдықты интернет қосылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology-мен серіктестікте пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және 3/4 Астана – Алматы Тальго пойыздарында жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосты.

Төмен орбиталық спутниктік топтастырылған OneWeb жүйесі маршруттың қолжетімдігі қиын учаскелерінде де тұрақты интернетті қамтамасыз етеді. Қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін жетеді.

«Жаңа буынды «Burabay Express» №888/887 электр пойызында Астана-Бурабай курорты бағытында Starlink технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернет алғаш рет қосылды. 250 Мбит/с дейінгі жылдамдықта Wi-Fi байланыста болуға, фильмдер көруге, жұмыс істеуге, жол бойында туыстарыңызбен және жақындарыңызбен сөйлесуге мүмкіндік береді», деп жазылған хабарламада.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Starlink-тен №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» пойыздарының екі құрамында интернетті іске қосу жоспарланып отыр. Іске қосылған сәттен бастап пойыздарда спутниктік интернетті барлығы 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланды.