17 қыркүйек 2025 жылы "ҚТЖ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов пойыздарды жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықтау жоспарларын баяндады. Алдымен Starlink компаниясының интернеті "Тальго" пойыздарына орнатылады.
Оның айтуынша, бірінші кезекте Starlink компаниясының интернетін "Тальго" пойыздарына орнату жоспарланып отыр.
"Starlink нарыққа жаңа шықты, біз оны іске қостық. Қазір тағы екі стандартты пойызға орнатуды жоспарлап отырмыз. Байланыс сапасы жақсы, бірақ еліміз үлкен болғандықтан, технологияны басқа аймақтарда қалай жұмыс істейтінін тексеру қажет. Технологиялық тұрғыдан ең оңай "Тальго" пойыздарын қамтамасыз ету. Сондықтан бізде бар 25 "Тальго" құрамын экономикалық тиімділікке байланысты қосу жоспарда", – деді Ахметжанов.
Сондай-ақ, спикер Starlink байланысы қарапайым пойыздарға да енгізілуі мүмкін екенін атап өтті.
"Стандартты пойыздарға қатысты – технологияның пилоттық режимде қалай жұмыс істейтінін көру қажет. Егер нәтиже сәтті болса, жобаны кеңейтеміз, бізде серіктес бар", – деп сендірді "ҚТЖ" вице-төрағасы.
Бұған дейін біз жазғандай, Иллон Масктың интернеті 2025 жылдың соңына дейін кейбір қазақстандық пойыздарда қолжетімді болады.