Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға 26 мамырда сағат 12:57-де Достық – Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, машинист жеңіл автокөліктің жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудан құтылу мүмкін болмаған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақпарат Достық станциясының ЖПБ-на берілді. Жол-көлік оқиғасы пойыздардың жүру кестесіне әсер етті.

Ұлттық компания ақпаратына сенсек, биыл бес айда теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары 20%-ға өскен.